«Оқуға құштар мектеп» жобасы » «Матай орта мектебі» Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы
03
февраль
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Матай орта мектебі» Education Department of Kerbulak districtнің 4»а» сыныбында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша  атқарылған жұмыстар есебі.
 «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша  сыныпта кітапхана бұрышы ұйымдастырылды.Ертегілер,кітапшалар,журналдар жинақтары бар.Оқушылар үзілісте ұнаған әңгіме,ертегілерін оқиды,мазмұнын бір-біріне әңгімелейді.Сыныпта әр түрлі жарыстар ұйымдастырамын.»Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 әңгіме» жарысын ұйымдастырдым.Оқушылар белсенділік танытып  өздерінің оқыған әңгімелерін арнайы дәптерге жазды.30 әңгіме оқыған  Ермұрат  Інжу жеңіске жетіп марапатталды.Биылғы оқу жылында бұл жоба жалғасын табуда.Оқушылар сыныптағы кітаптарды оқып танысуда.Кітапханамен тығыз байланыс орнаған.Кітапханадағы кітаптармен танысып оқуда.Оқыған кітаптары желісінде қойылым әзірледі.»Бауырсақ» ертегісі желісімен қойылым әзірледік.
  Қазақстан балалары кітап оқуын қолдау жылы аясында аудан көлемінде өткен «Тез оқуды үйреніңіз» аудандық жылдам оқу сайысына қатысқан Қыдырғали Нұржібек «Алғыс хатпен» марапатталды.
   3-9 сынып оқушылары арасында өткен «Республикалық балалар оқулары» аудандық байқауында Қыдырғали Нұржібек жүлделі ІІ орынды иеленіп дипломмен марапаттталды.
  Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңында сыныпта «Мәнерлеп оқу» сайысы өткізілді.Сынып оқушылары белсенділік танытты.Қыдырғали Нұржібек «Қазақстан»,Азат Айбар «Сүйемін,өскен Отаным», Сейсебаева Римма «Таудай болғым келеді»,Ғабидулмажит Нұрбек «Отан»,Жаңабатыр Жансая «Ана,сен бақыттысың»,Нұрмұхамбет Томирис «Сәлем берем Жетісуға»,Дәрменқұл Жанерке «Үш бақытым».
  Осындай жарыстарды өткізу арқылы оқушылардың оқуға құштарлығын оятуды жөн көрдім.
4»а» сынып жетекшісі: Берликенова Н.К










Похожие публикации: