Аудандық "Мағжан оқуы" » «Матай орта мектебі» Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
20
January
2023

Аудандық "Мағжан оқуы"

19. 01. 2023жылы Қарашілік орта мектебі базасында жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын іске асыру аясында жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Аталған байқауға «Матай орта мектебі» Education Department of Kerbulak districtнен «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсына 9 сынып оқушысы Рысқали Аружан қатысып, жүлделі І орынды, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар конкурсына 8 сынып оқушысы Қасым Бағдаулет қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Екі оқушы да облыстық кезеңге жолдама алды.  Сонымен қатар, «Мағжан поэзиясы – метафоралық бейнеде» - шығармашылық жұмыс конкурсына 9 сынып оқушысы Қамбар Анель қатысып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.