"Тәжірибе алмасу-кәсіби қажеттілікті шыңдау" » «Матай орта мектебі» Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » "Тәжірибе алмасу-кәсіби қажеттілікті шыңдау"
05
April
2023

"Тәжірибе алмасу-кәсіби қажеттілікті шыңдау"

«Матай орта мектебі» КММ базасында  05.04.2023 жылы Ақсу ауданы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сай аудан көлемінде математика пәні мұғалімдеріне арналған «Тәжірибе алмасу-кәсіби қажеттілікті шыңдау» тақырыбында семинар өтті. Семинар мақсаты : математика пәнін оқыту бойынша өзара тәжірибе алмасу,құнды ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек беру.Семинарға 22 мектептен математика пәні мұғалімдері қатысып, бір-бірлерімен тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға келген ұстаздармен мектеп психологы Г.Е.Достыбаева тренинг өткізіп, мұғалімдер арасында жағымды-көңіл кhouseқалыптастырылды. Алғашқы құттықтау сөзін аудан әдіскері Н.Б.Нұрмуханұлына беріліп семинар салтанатты түрде ашылды. Келген ұстаздарға педагогикалық әдеп бойынша мұғалімнің этикасы және мәдениеті бойынша таныстырылым жасап мұғалімдерді педагог мәртебесіне сай болып жүрулеріне шақырды. «Матай орта мектебі»КММ математика пәні мұғалімі А.Озатханқызы 5 сыныпта «Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу» тақырыбында және Жансүгіров ОМ математика пәні мұғалімі А.Марқұмұрат 8 сынып оқушыларымен «Квадрат теңсіздік.Квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шешу» тақырыбында десант сабақтар өткізді. Сабақ барысында қолданған белсенді әдіс-тәсілдері оқу мақсатына жетуге ықпалын тигізіп, балалардың тақырыпты меңгеруіне , пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізді.Балалардың білімдері бағаланып, дескрипторлары тапсырмаға негізделіп құрылған. Е.Жайсаңбаев ОМ КММ математика пәні мұғалімі А.Т.Сауытқали «Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару» тақырыбында шебер сынып өткізіп мұғалімдермен өз іс -тәжірибесімен бөлісті. «Матай орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Ж.Ж.Саркытбаева мен А.С.Бейсембинова «Сабақты зерттеу-оқытуды жақсартудың кепілі» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен жүргізілген Lesson Study зерттеу жұмысынан таныстырылым жасап өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардан мұғалімдер өз қоржындарына алып қайтарлары көп болды. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.