Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалай сақтауға болады? » «Матай орта мектебі» Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалай сақтауға болады?
30
October
2021

Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалай сақтауға болады?

ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалай сақтауға болады?
Отбасының беріктігі мен бақыты сенімді қарым-қатынаста жатыр, жақсы отбасында оның әрбір мүшелері бір-біріне адал, мейірімді және қайырымды болады.
Жасөспірім кезінде балалар көбінесе өзін осал сезінеді. Өйткені, олар жыныстық жетілу деп аталатын кезеңді бастан өткізуде, олардың денесі тез және елеулі түрде өзгереді, ал гормондардың әсерінен эмоционалды жағдай тұрақсыз болады.
Сонымен, осы кезеңде ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалай сақтап қалуға болады?
▫️ Ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы салауатты, сенімді, жиі, ашық қарым-қатынас пен эмоционалды байланыс – отбасындағы сенімді қарым-қатынасты сақтаудың маңызды шарты. Ол дегеніміз отбасының әр мүшесі бір-бірінің сезімдерін құрметтеп, түсіну мен сезінуді білдіреді.
▫️ Сенімді қарым-қатынасты сақтау үшін шынайылық қажет. Баланың және әрбір отбасы мүшесінің өмірінде болып жатқан оқиғаларға шынайы қызығушылық.
▫️ Бір-бірін есту және тыңдау қабілеті – сенімді қарым-қатынасты және жалпы адамға деген сенімді сақтаудың маңызды шарты. Балаңыз сізді тыңдайтынын түсіну үшін дұрыс сұрақтар қою арқылы оны тексеруді үйрену керек. Мысалы, «Осы мәселе туралы не ойлайсың», «Ойыңды білгім келеді». 
▫️ Адалдық – сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызды бөлігі. Балаңыздың алдында адал болсаңыз, сөзіңіз бен ісіңіз бір жерден шықса, балаңыз сізге сенеді.
▫️ Бүкіл отбасы ұстанатын отбасылық дәстүрлер сенім мен сенімді қарым-қатынасты сақтауда үлкен рөл атқарады.
Ал сіз өз отбасыңызда сенімді қарым-қатынасты қалай сақтайсыз?
12-18 жас аралығындағы бала тәрбиесі туралы көбірек білгііз келсе, мына брошюраны қарап шығуды ұсынамыз: https://uni.cf/3ArGwcO