Мектепке жол акциясы » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
июль
2023

Мектепке жол акциясы

«Матай орта мектебі»КММ бойынша «Мектепке  жол» картасы жоспарына сәйкес  көмек көрсету туралы мәлімет

Мақсаты - Республика көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясының мақсаты мектеп жасындағы балаларды оқу, тәрбие ісінен шет қалдырмай, оларға материалдық көмек көрсету.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында,  осы орайда мектебімізде 1 маусым балалар күніне орай ұйымдастырылған шарада 300 мың теңгеге  (үш жүз  мың) киім және тәттілер алынып берілді.

Тамыз айының басынан бастап, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы балаларды анықтау бойынша рейд өткізілді. Рейд барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталып,көмек  көрсетілді.

 «Матай орта мектебі»КММ мекемесі тарапынан қамқоршылықтағы 1 оқушы жазғы сауықтыру лагеріне жіберілді.

Мекеме орындарынан:»ТЧЭ-26» мекемесі тарапынан 36 оқушыға мектеп сумкалары мен қажетті құрал жабдықтар тапсырылды.Одан бөлек әр 36 балаға 6900 теңгеден берілді жалпы соммасы 248000 теңге

«ДС Матай» мекеме тарапынан көп балалы отбасынан шыққан   8 оқушыға көмек көрсетілді.

Матай ауылдық әкімшілік тарапынан  аз қамтылған 2 оқушыға көмек көрсетілді.