«Оқуға құштар мектеп» жобасы » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы: мақсат айқын, жол жарқын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.                                                                                                                                                                 
Кітап біздің рухани жан азығымыз. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт — дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді.                                                                                                                                 
Мектебімізде  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 
 "Оқы және өзгеге сыйла"атты буккроссинг бұрышы ұйымдастырылған.
          Мақсаты: Өзіңіздің сүйіп оқыған кітабынызды басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Мектеп кітапханасындағы кітап қорын молайту және байыту.
      Қыскаша түсінік: «Bookcrossing» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста  жүруі» деген  мағынаны  білдіреді. Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты алып келіп орнына оқымаған кітаптарыңызды алуларыңызға болады. Буккроссингті алғаш ойлап тапқан ғалым Рон Хорнбекер. "Оқы және өзгеге сыйла"атты буккроссинг акциясы мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың ат салысуымен өткізілді. Сонымен қоса игі іс жасау яғни бұл акцияның ерекшелігі ешқандай оқырманға формуляр ашылмайды және акцияға берілген кітапты алған оқырман өзінің қаншалықты кітапқа жауапты екенін білу керек. Яғни кітапты кері қайтаруы оқырманның негізгі жауапкершілігі болып табылады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
 «Бәрін тастада, кітап оқуды баста» үзілісте кітап оқу
  Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, сауаттылығы мен оқу мәдениетін қолдау. 
 Қысқаша түсінік: Оқушылармен бірге  үзілісте кітапханада, сыныпта кітап оқу.
         «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша  бастауыш сынып оқушылары арасында «Ертегілер еліне саяхат»  атты ертегілер оқу акциясы ұйымдастырылды.      Мақсаты: ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру. Балалардың сөздік қорларын дамыту. Сөзді анық айтуға,есте сақтау қабілетін дамыту.
 «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында «Бір отбасы-бір кітап» акция отбасымен бірге кітап оқимыз жұмысы жүргізіліп жатыр.
Мақсаты: Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастыру. Оқу мәдениетін қолдау мен дамытуда жалпы қоғам мен отбасының назарын аудару.
Қысқаша түсінік:Кітап - адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы. Кітап білім мен тәрбие құралы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше ықпалға ие.Оқырман мен кітаптың арасын жақындату мақсатында  қолдан келген бар мүмкіндіктерді қолдану. Отбасымен бірге әдеби кітап оқу.
"Оқуға куштар мектеп жобасы" бойынша "Каникулда кітап окимыз" марафонга катыстык
Максаты: Каникулда кітап окып, кітапқа деген белсенділігін арттыру окырман мадениетін қалыптастыру жане көркем әдебиетке деген кызығушылығын арттыру.