Отбасы күні » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сентябрь
2023

Отбасы күні

Қыркүйектің әр екінші жексенбісінде біз Отбасы күнін атап өтеміз. Осы жылы аталмыш мерекеге 10 жыл толады. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Отбасы – кез-келген қоғамның басты құндылығы. Ол мемлекет өмірінде, жаңа ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамдық тұрақтылық пен прогресті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Отбасы күні адамгершілік пен руханиятты нығайтуға ықпал етеді. Мереке жалпыхалықтық сипатқа ие болды және жыл сайын жаңа дәстүрлермен байытылады.

Әрбір қазақстандық отбасына зор денсаулық пен амандық тілеймін!