Біз, Матай орта мектеп ұжымы Қ.Р Президенті Қ.Тоқаевті қолдаймыз. » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Біз, Матай орта мектеп ұжымы Қ.Р Президенті Қ.Тоқаевті қолдаймыз.
11
январь
2022

Біз, Матай орта мектеп ұжымы Қ.Р Президенті Қ.Тоқаевті қолдаймыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткізілген Парламент мәжілісінің отырысында Премьер-Министрі қызметіне Ә.Смаиловтың кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады. Қ.Р Президенті Қ.Тоқаев Тәуелсіздік тарихында алғаш рет күрделі және қатерлі сынаққа тап болғанымызды айтты. Ол өз сөзінде қысқа мерзім ішінде қираған дүние-мүліктер қалпына келтіріліп, қалыпты өмірге оралатынымызды сеніммен баса айтты. Сонымен қатар ауыл шаруашылық саласына ерекше көңіл бөлу керектігін, субсидия алуды жеңілдетуді, бағаның негізсіз көтерілуін бақылауды айтып өтті. Қ.Тоқаев баяндамасында мұғалім-мектептің жүрегі екенін тілге тиек етіп білім берудің сапасын көтеру керектігіне тоқталды. Сөз соңында Президент Қ.Тоқаев: Жаңа Қазақстанды бірге құру үшін, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау керектігін айтты. Біз, Матай орта мектеп ұжымы  Қ.Р Президенті Қ.Тоқаевті қолдаймыз. Еліміздің өркендеуі үшін өз үлесімізді қосуға дайынбыз.