"ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ" кешенді оқу, жаттығулар өткізілді » «Матай орта мектебі» отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ" кешенді оқу, жаттығулар өткізілді
28
апрель
2022

"ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ" кешенді оқу, жаттығулар өткізілді

"Матай орта мектебінде"ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ"   кешенді оқу, жаттығулар өткізілді.Жер сiлкiнiсi кезінде кандай әрекет жасауды айтып, түсіндіру жұмыстарын
жүргізді.
Школьникам ең бiрiншi маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуға қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаны жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. 
 Ұстаздарға алдымен балалар мен егде адамдардың қамын ойлап (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).
Ғимараттардан алысырақ ашық жерге барып,үзілген сымдардан абай болып, ғимараттарға кірмеуге.
ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН: сабырлылықты сақтап, зардап шеккендерге көмектесіп, радиоқабылдағышты қосып, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалап;
 аса қажеттіліксіз телефонды ұстамауға, зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеуге,жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киюге, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар. Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар: жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет. биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін. егер де жер сілкінісі түнде болса, шамды даярлап қою керек. төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек. • Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!