Мектеп тарихы » «Матай орта мектебі» отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
21
апрель
2017

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

 


 

Матай ауылдық округінде алғашқы мектеп 1937 жылы 5 қарашада қабырғасы қаланып,қолданысқа берілді.Ол Түркістан-Сібір теміржолының №12 мектебі деп аталды.Мектепте екі тілде дәріс берілді.1955 жылы Матайда жаңадан қазақ орта мектебі салынып, екі мектеп қатар жұмыс істеді.1958 жылы №12 орта мектебі, №256 теміржол мектебі болып өзгертілді, мектепте тек орыс тілінде дәріс берілді. Жаңадан салынған мектепке №258 қазақ орта мектебі деген атау берілді. 1977 жылы №256 теміржол орта мектебі жергілікті бюджетке өтіп, Бөрлітөбе аудандық оқу бөлімінің қарамағына беріліп «Матай орта мектебі» деп аты өзгерді. Ал, №258 мектеп Алматы теміржол бөлімінде қалып, №53 Алматы теміржол бойындағы қазақ орта мектебі болып атауы өзгерді. Матай орта мектебінің ғимаратының сиымдылығы аз болғанына байланысты 1993 жылы 7 қарашада қосымша ғимарат жаңадан салынып, қолданысқа берілді.Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылғы 1-ші ақпандағы жарлығы бойынша Бөрлітөбе ауданының жабылуына байланысты, осы жылы Ақсу аудандық әкімінің шешімі бойынша №53 Алматы теміржолына қарасты қазақ мектебі жабылып, Матай орта мектебіне қосылып, аралас мектеп болып, Ақсу аудандық білім бөлімінің қарамағына берілді. 2007 жылы 9 қаңтар күні ескі ғимараттың өртеніп кетуіне байланысты, 2013 жылы Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 балабақша» бағдарламасын жүзеге асырылуына байланысты 180 орындық жаңа ғимарат қолданысқа берілді. 80 жыл тарихы бар мектептен 16 алтын, 17 күміс, 11 үздік аттестатқа бітірген түлектер ұшып шыққан.

Матай орта мектебінде қазіргі таңда 636 оқушы білім алуда: үздіктер

саны-101 , екпінділер саны-184.

2015-2016 оқу жылында ЕНТ-ға 22 оқушы қатысты, орташа балл-76,3.

2016-2017 оқу жылында « Білім мазмұнын жаңарту» бағдарламасы аясында мектеп директоры З.З.Тлеубекова 9 айлық көшбасшылық курстан, мектеп үйлестірушісі курсынан орынбасарлар Г.К.Ахметова, Г.Ш.Калияскарова, тренерлік курстан Г.Т.Ахметова, Н.С.Аханова, Н.Б.Уасилова және 17 деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің жүйелі жұмыс жүргізу барысында педагогикалық ұжым «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және Кембридж университеті бірлескен бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізуде.

 


 

 


 

Похожие публикации:

28 апрель 2017 Мектеп ұжымы
27 апрель 2017 Наш адрес