Мектепішілік «Жаңа мектепке—жаңашыл ұстаз»байқауы » «Матай орта мектебі» отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Мектепішілік «Жаңа мектепке—жаңашыл ұстаз»байқауы
06
февраль
2023

Мектепішілік «Жаңа мектепке—жаңашыл ұстаз»байқауы

"Матай орта мектебі» КММ 03.02.2023 жылы «Жаңа мектепке—жаңашыл ұстаз» атты байқауы өткізілді. Байқауға әр бірлестіктен еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас мамандар қатысты. 1 кезең «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу. 2 кезең «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін —өзі таныстыру. 3. кезең ашық сабақ өткізу. Байқауға барлығы еңбек өтілі 3 жылға дейінгі 9 жас маман қатысты. Әділқазы алқасы мүшелігіне зейнеткер ұстаз Данысбекова Ж. Б., озат тәжірибе мектебі  жетекшісі, әдеп комиссиясы төрайымы Нуртулеуова А. Ж., мектеп тренері Андабаева Б. Б., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі тәжірибелі ұстаз Рахимова М. М., оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Байшоинова Д. Б., тәрбие жөніндегі орынбасары Дюсембаева А. А. төрелік жасап, келесідей орындар берді: 1 орын - ағылшын тілі пәні мұғалімі Бидахмет А., 2 орын-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбаева А. А. мен Сыдыкова Г. С., 3 орын -тарих пәні мұғалімі Тынышбаева А. Ж. мен бастауыш сынып мұғалімі Мұқат А. О. иеленді. Мектеп директоры З.З.Тлеубекова жас мамандарды бүгінгі мерекелік кештерімен құттықтап, биік белестерді бағындырып, жетістікке жете берулеріне өз тілегін білдірді. Мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Кажибаева Л. С. жас мамандарға творчестволық табыс тілеп, ұстаздық жолында көп еңбектеніп, ізденуден жалықпауларын айтып, сыйлықтармен матапаттады.