І. Есенберлин "Көшпенділер трилогиясы" » «Матай орта мектебі» отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
29
октябрь
2021

І. Есенберлин "Көшпенділер трилогиясы"

«Матай орта мектебі»КММ 27.10.2021 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абуталипова А.Н. 9 «в» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «І. Есенберлин. Көшпенділер трилогиясы». Оқушылардың көңіл-күйін көтеру үшін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, шаттық шеңберге тұрғызып бір-бірлеріне сабаққа байланысты тілектер айтқызды. Оқушылар үш топқа бөлініп топтық, жұптық, жеке жұмыстар ұйымдастырылды.Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тапсырманың дескрипторларымен таныс болды, өздерін бағалады, бір-бірін өзара бағалады. Сабақты қорытындылау мақсатында«Білім қоржыны» әдісін қолданып, оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдады.