Күзгі демалыс жадынама » «Матай орта мектебі» отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
02
ноябрь
2022

Күзгі демалыс жадынама

Құрметті оқушылар! Демалыс бұл мектептен, сабақтан және белсенді оқудан демалудың уақыты. Мектеп жасындағы балалар үшін бұл кездің маңызы зор. Әрі пайдалы дүниелермен айналысудың, мектепте оқып жүргенде әрдайым сәті түсе бермейтін нәрселерге назар аударуға таптырмас тамаша уақыт. Ендеше, демалыс күндерін тиімді пайдалану үшін бірер кеңесімізге зер салыңыз. 
1. 💡 Шығармашылықпен айналысу. Егер музыкалық аспаптарда ойнаудың негіздерін үйренуге немесе веб-дизайн, сурет салу және т.б. үйренуге уақыт болмаса, демалыс - бұл үшін тамаша уақыт.
2.  🌟Жаңа әсер алуға тырысыңыз. Мұны жақын адамдарыңызбен көптен күткен кездесулерге, қызықты шеберлік сыныптарға, концерттерге және т.б. бару арқылы ұмытылмас әсер алуға болады.
3.  🎶Музыкалық аспапта ойнауды үйреніңіз. Бұл гитарада, барабанда немесе фортепианода ойнауды үйренуге тамаша уақыт. Табысқа жету үшін уақыт пен зейін керек. Мұғалімнің қызметіне ақы төлеуге мүмкіндік болмаса, аспапта өз бетіңізше ойнауды үйрене аласыз. 
4.  📚Өзіңізді және әлемді таныңыз. Болашақ мамандық, адам психологиясы мен оның жасырын әлеуеті туралы қызықты деректерді оқыңыз, әлем елдері мен қызықты фактілер туралы бағдарламаларды көріңіз.
5.   🏊🏼‍♀️Жаңа спорт түрімен айналысыңыз. Жүзу, жүгіру немесе шағын футбол сияқты спорт түрлерімен айналысып көріңіз. Спорттық дағдылар жоғары оқу орына түсу кезінде де қажет болады.
6.  🎯Қысқа мерзімді нақты мақсат қойып, соған қол жеткізіңіз. Бұл жүгіру, тартылу, шет тілінің 200 жаңа сөзін жаттау, күнделікті өмірде не істеу және т.б. бойынша өз рекордыңызды жаңартыңыз.
7.  🎨Сурет салу немесе қолөнер курстарына жазылыңыз. Оларды тиімді бағамен табуға болады. Үйден шықпай-ақ жаңа нәрсе  үйренгіңіз келсе, онлайн курстарды тауып, тапсырмаларды онлайн орындауға болады.
8.  🔝Кемшіліктеріңізбен жұмыс істеңіз. Егер тым ұялшақ болсаңыз, дауысыңыз анық болмаса немесе әртүрлі жағдайда кедергі келтіретін басқа да жеке кемшіліктер болса, демалыс кезінде соны жақсарта аласыз. 
Мінекей, осылайша демалыста тек демалып қана қоймай, өмірге пайдасы тиетін керемет нәтижені меңгересіз. Сіздерге жақсы әрі пайдалы демалыс тілейміз, құрметті оқушылар!