Әдістемелік күн: “Ағылшын тілін оқытудағы ойын түрлерінің маңызы” » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдістемелік күн: “Ағылшын тілін оқытудағы ойын түрлерінің маңызы”
05
январь
2026

Әдістемелік күн: “Ағылшын тілін оқытудағы ойын түрлерінің маңызы”

05.01.2026 ж.күні “Матай орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдістемелік күн өтті. Әдістемелік күнде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманбекова Аяулым Ерболқызы “Ағылшын тілін оқытудағы ойын түрлерінің маңызы” тақырыбында таныстырылым жасады. Таныстырылымда ойын арқылы оқытудың маңызы мен ерекшеліктері туралы түсіндіріп өтті. Бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арналған қозғалыс ойындары, сөздік ойындар, рөлдік және жағдаяттық ойындар, интеллектуалдық ойындар, дебат және пікірталас сияқты ойын түрлерімен таныстырды. Әдістемелік күнге қатысқан ұстаздармен бірге Quiz, Case study, Word chain, Guess the word сияқты ойындар ойнатып, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Қорытындылай келе, ағылшын тілін меңгертуде ойын әдістерін жүйелі қолдану маңызды, ойындар тілдік кедергіні жоюға көмектеседі, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, сөздік қорын молайтады, сабақтың қызықты әрі мазмұнды өтуіне ықпал етеді.