24
сентябрь
2025
Әдістемелік күн:«Ауыл мектептерінде дене шынықтыру пәнін оқыту сапасын арттыру"
2025 жылдың 24 қыркүйек күні мектебімізде әдістемелік күнге орай дене шынықтыру пәні мұғалімі Жасыбаева Айдана Зеиловна «Ауыл мектептерінде дене шынықтыру пәнін оқыту сапасын арттырудың цифрландыру мүмкіндіктері, күтілетін нәтиже» тақырыбында шебер сабақ өткізді. Мақсаты: Ауыл мектептерінде дене шынықтыру пәнін оқыту үдерісін цифрлық технологиялар арқылы жаңғыртып, оқушылардың дене дайындығын, қозғалыс белсенділігін және пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдістемелік, ұйымдастырушылық және технологиялық шешімдерді анықтау.