Аудандық "Жетісу ұстазы" байқауы » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2024

Аудандық "Жетісу ұстазы" байқауы

19.09.24 ж. "Матай орта мектебі» КММ базасында аудандық«Жетісу ұстазы-2024» байқауы өтті. Байқауға 18 мектептің еңбек өтілі 6 ж. жоғары шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздары қатысып, өз кәсіби құзыреттіліктерін жетілдірді. Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1 тур күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес сабақ өткізу /45 мин/, 2 тур «Білім берудегі жаңа трендтер» бетпе-бет кезеңі 5-7 мин. 3 тур «Ұстаз-ұлы есім» тақырыбындағы фотоэссе. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды І. Жансүгіров атындағы ОМ информатика пәні мұғалімі Оспанбеков Қуаныш, 2 орынды Сәтбаев ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қапышева Жанар мен Сиқымов ОМ ағылшын тілі мұғалімі Сейденова Мадина, 3 орынды Матай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нусипбекова Гульнур, Сыдықов ОМ музыка пәні мұғалімі Мусабеков Мақсат, Қ. Терібаев ОМ биология пәні мұғалімі Жунисбекова Ғалия иеленді.