Қазақ тілі апталығы » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2024

Қазақ тілі апталығы

2024 ж.17 қазанында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М.Нусипбекова 5«в» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақстан барысы" тақырыбында (мультфильм негізінде) ашық сабақ өтті. Қазақ халқының ұлттық ойыны күрес туралы айтып, "Қазақстан барысы" атауының қалай пайда болғаны туралы сабақ барысында айтып, ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойларына дарыту мақсатында әр түрлі тапсырмалар мен әдіс- тәсілдер қолданды.Әрбір тапсырма оқу мақсатына бағытталған. Оқушылар «Рөлдік хат жазу» әдісі арқылы үй тапсырмасына шолу жасады. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында мұғалім «Болжау және қиялдау» әдісі арылы жаңа сабақтың тақырыбын болжатты.«Акроним жасау» әдісі арқылы "Барыс" сөзінің әр бір әріпінен басталатын сөздер жазды. Тыңдалым, оқылым дағдыларына байланысты мәтін оқылып, "Бір сұрақ-бір жауап" әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді. "QAZ MATH" платформасы арқылы оқушыларды 2 топқа біріктірді. "Кластер жасау" әдісі бойынша әр топқа жеке-жеке тапсырма берілді. Топта оқушыларға берілген аңның суретіне сипаттама жасап, физикалық ерекшеліктерін айту ұсынылды. Белсенділік танытып, жақсы қорғап отырған оқушылар «Смарт телефон» әдісімен ұяшықтарды бояу арқылы өз-өздерін бағалап отырды. Оқулықтағы 3-тапсырма "Құпия жануар" әдісімен сипаттама беріліп тұрған жануардың атын табу арқылы айтылым дағдысы орындалды. «Тиісті қосымшаны таңда» әдісі арқылы 5-тапсырманы орындау мақсатында жазылым дағдысы орындалды. Сабақты бекіту мақсатында «Рефлексиялық жазу» арқылы бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін салу ұсынылды, және сабақтан не үйренгендерін, не қызықты болғанын, неден қиналғанын жазу, айту арқылы кері байланыс жасауға ұсынылды. Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар, АКТ да қолданылды. Сабақ мақсатына жетті. Қамтылмай қалған тапсырмалар болмады. Оқушылар белсенді түрде қатысып, өз ойларын толық жеткізді, пікір алмасып, барлық дағдыларды орындап отырды.