Мектепішілік"Жылдың үздік мұғалімі-2023" байқауы » «Матай орта мектебі» отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
17
май
2023

Мектепішілік"Жылдың үздік мұғалімі-2023" байқауы

16.05.23 жылы «Матай орта мектебі» КММ базасында мектепішілік «Жылдың үздік мұғалімі-2023» байқауы өткізілді. Байқауға 7 бірлестіктен 6 жылдан жоғары еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаздар қатысты. Байқау келесі кезеңдерден тұрды:
І кезең - Бейнесабақ (сырттай)
ІІ кезең - Ең үздік портфолио(сырттай)
ІІІ кезең - Жұмыс жүйесінің моделі
ІҮ кезең - Импровизациялық сұрақтар.
«Жылдың үздік мұғалімі - 2023» байқауын өткізудің нәтижесінде педагогтардың кәсіби тұрғыдан тұлғасы қалыптастырылды, және қолдау көрсетілді, білім беру жүйесіндегі педагогтардың шығармашылық қабілеттері шыңдалды; мұғалім кәсібінің мәртебесі көтерілді;
- Преподаватели өз кәсіби құзырлықтарын жетілдіруге ынталандырылды;
озық педагогикалық іс-тәжірибелерін насихаттап таратты.
Әділқазылар алқасы байқаудың кезеңдерін сараптай келе келесідей шешім қабылдады: Бас жүлде - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.М.Рахимова, І орын- ағылшын пәні мұғалімі Г. Н. Дандыгулова, ІІ орынды- математика пәні мұғалімі М.Х.Нұртөлеу, ІІІ орынды – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.С.Омырбекова иеленді. «Ізденімпаз ұстаз» номинациясын бастауыш сынып мұғалімі С.Е.Тайболатова, «Ең үздік портфолио» номинациясын көркем еңбек пәні мұғалімі А.Б.Жусипбекова, «Лучший бейнесабақ» номинация иегері тарих пәні мұғалімі М.М.Музболатоваға беруді ұйғарды. Байқау жеңімпаздарын мектеп директоры З.З.Тлеубекова мен кәсіподақ комитеті төрайымы Л.С.Кажибаева құттықтап грамоталармен қоса ынталандыру сыйлықтарын табыстады.Бас жүлде иегері атанған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.М.Рахимова байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алып, аудан көлемінде өтетін «Жылдың үздік мұғалімі-2023» байқауына қатысады.