ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА! » «Матай орта мектебі» отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
05
май
2022

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
     "Матай орта мектебі" КММ-де 2022 жылы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге,табиғатқа  саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертемін! 
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында: 
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу, 
- емтихан  кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін ескертемін!
 - мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен сыйлықтар беруге тыйым салу,
- бірыңғай мектеп формасын кию,
- соңғы қоңырауда көлікте серуендеу, 
- кафеде отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау  керек.
07.05.2022 ж, 09.05.2022ж. осы күндері  және де мереке қарсаңында  балаларымыздың өмір қауіпсіздігіне аса көңіл бөлуді сұранамын (серуенге, тауға бару, суда шомылу, улы жәндіктерден, жол ережесінен абай болу).
3. Сізбен біздің басты мақсатымыз ел болашағы балаларымыздың нағыз ұлтжанды азамат болып қалыптасуына дұрыс тәрбиемен білім беру!
Үштік одақ (мектеп-оқушы-ата-ана) болып мектеп мәртебесін бірге көтерейік!!!
 «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сондықтан жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ!