Ашық сабақ «Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру» » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ашық сабақ «Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру»
07
октябрь
2024

Ашық сабақ «Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру»

«Матай орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Нуртулеуова Айгуль Жанбырбаевна, 10 қазан 2024 ж. математика апталығының онкүндігінде 7 «б» сыныбында «Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Психологиялық ахуал туғызу мақсатында "Менің көңіл-күйім қандай?" диагностика жасалынды. Үй тапсырмасы "Мен саған,сен маған" әдісі бойынша дәптерлерін бір-бірімен алмастырып, тексерілді. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Сабақтың тақырыбы ашылып, тапсырмаларын орындады. "Ақиқат, жалған", "Қатесін тап", "Графикалық диктант" белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың мақсатына жетті. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тапсырманың дескрипторларымен таныс болды, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау түрлері болды. Сергіту сәтінде "Қағазды оркестр"әдісін қолданды.«Попс формуласы» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып,тақырып бойынша алған білімдерін көрсете білді.