11
июнь
2026
Ашық сабақ
«Матай орта мектебі» кмм математика пәнінің мұғалімі Нуртулеуова Айгуль Жанбырбаевна, 7 «б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.». Психологиялық ахуал туғызу мақсатында "Менің көңіл-күйім қандай?" диагностика жасалынды. Үй тапсырмасы "Мен саған,сен маған" әдісі бойынша дәптерлерін бір-бірімен алмастырып, тексерілді. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Сабақтың тақырыбы ашылып, тапсырмаларын орындады. "Ақиқат, жалған", "Қатесін тап", "Графикалық диктант" белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың мақсатына жетті. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тапсырманың дескрипторларымен таныс болды, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау түрлері болды. Сергіту сәтінде "Қағазды. оркестр"әдісін қолданды.«Попс формуласы» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.Оқушылар сабаққа белсене қатысып,тақырып бойынша алған білімдерін көрсете білді.