Ашық сабақ «Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері» математика апталығы » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ашық сабақ «Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері» математика апталығы
27
сентябрь
2024

Ашық сабақ «Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері» математика апталығы

27.09.2024 жылы математика пәнінің мұғалімі Нұртөлеу Марал Хурманғалихарияқызы 8 «а» сыныбында математика апталығында «Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін "Көршіңе тілек" әдісін қолданды,оқушылар  бір-біріне жақсы тілектерін білдірді. Сабақта топтық, жұптық, жеке және оқулықпен жұмыс түрлері жүргізілді. Сабақтың тақырыбы ашылып, тапсырмаларын орындады. "Қорапша", "Смартфон", "Конверттегі тапсырма" "Сиқырлы қалам" белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың мақсатына жетті. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тапсырманың дескрипторларымен таныс болды, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау түрлері болды. Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушылардың білімдері 10 балдық жүйемен бағаланды. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін, көзқарасын "Қазына" кері байланысы арқылы сабақта алған әсерлерімен бөлісті. Мұғалім сабақ мақсатына жетті.