23
сентябрь
2024
Ашық сабақ: «Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері»
«Матай орта мектебі» КММ математика апталығының онкүндігінде 23.09.2024 жылы математика пәнінің мұғалімі Бейсембинова Айжан Сатыбалдиевна 7 «а» сыныбында «Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін викториналық сұрақтарды пайдаланды. Үй жұмысы "Сәйкестендіру" әдісі бойынша тексерілді. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылып жүргізілді. Сабақ барысында "Ақиқат-Жалған", "Балық аулау", "Бинго" белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың мақсатына қол жеткізді. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тапсырманың дескрипторларымен таныс болды, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау түрлері болды. «Мұғалімге SMS» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексия жасалынды.



