31
январь
2024
Математика апталығы. Ашық сабақ:«Қысқаша көбейту формуласы»
«Матай орта мектебі» КММ 31.01.2024 жылы математика пәнінің мұғалімі Нұртөлеу Марал Хурманғалихарияқызы 7 «а» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формуласы», оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін "Көршіңе тілек" әдісін қолданды, яғни оқушылар сабақта бір-біріне тілек білдірді. Сабақта топтық, жұптық, жеке және оқулықпен жұмыс түрлері жүргізілді. Сабақтың тақырыбы ашылып, тапсырмаларын орындады. "Сиқырлы қадам", "Бургер", "Сәйкестендіру" белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың мақсатына жетті. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тапсырманың дескрипторларымен таныс болды, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау түрлері болды. Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушылардың білімдері бағаланды. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін көзқарасын "Қазына" кері байланысы арқылы берді. Оқушылар сабақта алған әсерлерімен бөлісті. Мұғалім сабақ мақсатына жетті.











