Мектепішілік «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» байқауы » «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Матай орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепішілік «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» байқауы
28
январь
2025

Мектепішілік «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» байқауы

28.01.25 ж.«Матай орта мектебі» КММ еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы жас мамандар арасында «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Талантты жас педагогтерді анықтау, педагог дәрежесін көтеру, жас педагогтердің инновациялық идеяларды және түрлерді іздеу ісін жетілдіру. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1.«Жаңа - мектепке жаңашыл ұстаз»тақырыбында эссе жазу. 2.«Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру. 3.«Ашық сабақ» өткізу. Байқауға әр пән бірлестігінен 6 ұстаз қатысты. Нәтижесінде 1 орынды биология пәні мұғалімі А. А. Елтаева, 2 орынды тарих пәні мұғалімі Т. Е. Есбергенова, 3 орынды МАД мұғалімі Д. Т. Баяхан иеленді. «Үздік қысқа мерзімді жоспар» номинациясын бастауыш сынып мұғалімі А. С. Калиакпарова,«Үздік эссе» номинациясын информатика пәні мұғалімі С. Б. Азбергенова,«Үздік ашық сабақ» номинациясын география пәні мұғалімі А. А. Тлектес иеленді.