07
февраль
2025
Ашық сабақ "Жұрнақ пен жалғау" бастауыш апталығы
"Матай орта мектебі"КММ 2 "а" сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Н.К.Берликенова бастауыштар онкүндігі апталығында қазақ тілі сабағынан "Жұрнақ пен жалғау" тақырбында ашық сабақ өтті. Сабақта "Миға шабуыл" әдісі арқылы өткенді пысықтап сұрақтар қойылды. Бейнежазба арқылы жаңа сабаққа түсіндірме берілді. Сабақ процесінде жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырып барлық оқушының сабақ процесіне қатысуына жағдай жасады. Сергіту сәті "Ою" биін билетіп құндылықтарды дәріптеуге шақырды. Кері байланыста көбелектерге өз ойларын жазып әр оқушыға өз көбелегін гүлге қондыруға ұсынды.

