18
январь
2025
Мектепішілік "Үздік жас маман-2024" байқауы
18.01.2024 ж.«Матай орта мектебі» КММ үш жылға дейінгі педагогикалық өтілі бар жас ұстаздар арасында « Үздік жас маман-2024" байқауы өтті. Мақсаты: талантты жас педагогтерді анықтау; педагог еңбегінің дәрежесін көтеру; жас педагогтердің инновациялық идеяларды және түрлерді іздеу ісін жетілдіру; педагогикалық қауымға жас педагогтердің жетістіктерін тарату. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1.«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз»тақырыбында эссе жазу. 2.«Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру.(фотопрезентация, аудиожазба, көркем сөз) 3.«Ашық сабақ». Байқауға барлығы 8 жас маман қатысты. Нәтижесінде әділқазы алқасы озат тәжірибелі ұстаздар шешімімен : Бас жүлде- тарих пәні мұғалімі Т. Есбергенге, 1 орын -қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А. Ағыбаеваға, 2 орын- орыс тілі мен әдебиеті М. Усеноваға, 3 орын- тарих пәні мұғалімі Д. Шариповаға,«Жаңашыл ұстаз» номинациясы биология пәні мұғалімі А.Исагалиеваға,«Ізденімпаз ұстаз» номинациясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Бейсенбайға, «Үздік эссе» номинациясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Сыдыковаға, «Белсенді ұстаз» номинациясы бастауыш сынып мұғалімі А. Калиакпароваға берілді.








