28
январь
2025
Ашық сабақ "Табыс септік" бастауыш апталығы
28.01.25 ж. 4 "ә" сыныбында бастауыштар онкүндігі апталығында бастауыш сынып мұғалімі А.М.Смаилова қазақ тілі пәнінен "Табыс септік" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: тыңдалған мәтін бойынша кейіпкерге өз пікіріңді білдіру. Табыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын білу. Сабақты психологиялық жағымды ахуал қалыптастырудан бастап оқушылардың мотивациясына жігер берді. Өткен материаалды қайталап еске түсіру мақсатында "Фри" әдісін қолданды. Жаңа сабақтың тақырыбын "Ребус" шешу арқылы тапты. Оқушыларды "Білім класс" әдісі арқылы бағалады. Сабақта "Fliki ai", "Пазл", "Орындап көр", "Семантикалық карта", "Classroom"әдістерін қолдандып оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арттырылды. Сабақ әдістемелік талапқай сай дұрыс жоспарланып өткізілді.