13
декабрь
2023
Бастауыш сыныптар апталығы.
"Матай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып апталығы басталды. Бастауыш сынып мұғалімі Берлікенова Нұрбала Кәрібайқызы 1»А» сыныбында математика пәнінен «Қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ пойызбен саяхат болғандықтан Матай стансасынан Астана қаласына саяхат жасалды. Матай, Үштөбе, Айнабұлақ, Сарыөзек, Алматы қаласы, Шу, Отар, Қарағанды, Астана қалаларына саяхат жасай отырып әртүрлі математикалық тапсырмалар орындалды. Оқушылармен жеке жұмыс, жұптық жұмыс, ұжымдық жұмыс, топтық жұмыс түрлері жүргізілді.Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.»Миға шабуыл»,»Ойлан,тап!», "Ойлан,есепте", "Кім жылдам?".Оқушылар тапсырмаларды қызыға орындап сабақ мақсатына жетті. Өз ойларын кері байланыс арқылы білдірді.