27
ноябрь
2023
Қазақ тілі апталығы: «Апта уақыт өлшемі. Синоним» ашық сабағы
«Матай орта мектебі» КММ 27.11.23 ж 5 «б» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М Нусипбекова «Апта уақыт өлшемі. Синоним» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Қарындаш», «Алдын-ала берілген суреттер», «Ойлан, тап», «Интерактивті дәріс» әдіс-тәсілдері сабақ мақсатына қарай тиімді қолданылып, мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табуға, синоним сөздерді мағыналас сөздермен сәйкестендіруге, абзац бөліктерін тауып, жоспар құруға септігін тигізді.Оқушылармен психологиялық ахуал орнатылып, сергіту сәті де ұтымды ұйымдастырылды Сабақ соңында кері байланыс алынып сабақ мақсатына оралып сабақ қорытындылады. Барлық оқушы сабақ процесіне тартылды.Сабақ мақсатына қол жеткізілді. Дескриптор бойынша оқушы жетістіктері бағаланды.